Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум аяқталды

667

Төрт референдумға қатысушылардың 87%-дан 99%-ға дейіні Ресей құрамына кіруге дауыс берді.

Ресей Федерациясына қосылу туралы референдум аяқталды

Донецк және Луганск халық республикаларында, Херсон және Запорожье облыстарында Ресейге қосылу туралы референдумдар қорытындыланды.

Дауыс беру 23-27 қыркүйек аралығында өтті. Forbes.ru ақпаратына сенсек, Ресей құрамына кіруді ДХР-да референдумға қатысушылардың 99,2%-ы, ЛХР-да-98,4%, Запорожье облысында - 93,1%, Херсон облысында - 87%-ы қолдаған.

100% дауыстарды санау қорытындысы келесідей бөлінді: 

Донецк Халық Республикасында дауыс берушілердің 99,23%-ы Ресей құрамына кіруді жақтады (2 116 800 сайлаушы — қарсы емес, 4938 - қарсы);
Луганск Халық Республикасында — 98,42% (1 636 302 тұрғын — қарсы емес, 16 555 - қарсы);
Запорожье облысында - 93,11% (референдумға 541 093 қатысушының 430 261-і дауыс берген); 
Херсон облысында - 87,05% (497 501 тұрғын Ресеймен интеграцияны жақтады).

Динара Мұрат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу