Ресейден шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды

126

Тексеру нәтижесінде, 5 тонна шошқа еті ветеринариялық ілеспе құжаттарсыз заңсыз тасымалданғаны анықталды. 

Ресейден шошқа етін заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды Фото: Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті

"Сырым" ветеринариялық бақылау-өткізу пунктінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлескен тексеру барысында Ресей Федерациясының Белгород облысынан Қазақстан Республикасының Алматы қаласына бағытталған DAF маркалы жүк көлігі тоқтатылды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Ветеринариялық-санитариялық заңнама талаптарының бұзылуына байланысты жүк көлігі кері қайтарылды. Ал жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Бүгінгі күні Батыс Қазақстан облысы аумағындағы ветеринариялық бақылау пункттерінде 129 құқықбұзушылық тіркелді. 129 автокөлік ел аумағынан шығарылып, 76 тұлғаға әкімшілік хаттамалар толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 6 448 480 теңгені құрады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мемлекеттік шекара арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын, жануар тектес өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу