Ресейлік әртіс әрі продюсер Семен Слепаковтың ұрыс алаңында қайтыс болған орыс солдаты туралы орындаған "Колыбельная" әніне қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Ұлттық тарихи мұраны қорғау қоры Ресейдің Тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкиннен армияның "беделін түсіру" туралы баптың бұзылуына тергеуге дейінгі тексеріс жүргізуді сұрады.
Сонымен қатар, сол қор Ресей Федерациясының Әділет министрлігінен Слепаковты "шетелдік агенттер" тізіліміне енгізуді сұрады. Олардың пікірінше, әртістің орындауындағы ән Ресей Қарулы Күштерінің беделін түсіреді және "өз елі үшін өз өмірін құрбан етуге дайын Ресей азаматтарының патриотизмінің шынайы сезімдеріне қаяу түсіреді".
"Коммерсанттың" айтуынша, Семен Слепаков Ресейден тыс жерде.