Ресей Федерациясының президенттігіне үміткерлер саны 30-дан асты

359

Қазірдің өзінде 30-дан астам адам Ресей президенті болғысы келеді. 

Ресей Федерациясының президенттігіне үміткерлер саны 30-дан асты Фото: pixabay.com

Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Элла Памфилованың айтуынша, 30-дан астам адам Ресей Федерациясының президенттігіне кандидат болуға ниет білдірді және бұл науқанның бәсекеге қабілетті болатынын көрсетеді. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Московский Комсомолец басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазіргі уақытта ол бұл лауазымға бірнеше үміткер бар екенін және бұл сайлау қызықты әрі тартысты өтеді деп сенуге негіз беретінін атап өтті.

Айта кетейік, Ресей Федерациясы Президентінің сегізінші сайлауы Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша, 2024 жылдың 15-17 наурызы аралығында өтеді. Ресей Федерациясының жаңадан сайланған Президентінің инаугурациясы 2024 жылдың 7 мамырына жоспарланған. Ел президенті алты жылға, яғни 2030 жылдың 7 мамырына дейін сайланады.

Егер кандидаттардың ешқайсысы дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың жартысынан көп дауысың ала алмаса, онда ең көп дауыс алған тіркелген екі кандидат бойынша қайта дауыс беру 21 күннен кейін өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу