Ресей Газа аумағына гуманитарлық көмек жіберді

304

Ресей Газа аумағына дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтар жөнелтпек.

Ресей Газа аумағына гуманитарлық көмек жіберді Фото: видео скриншот

Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі ведомствоның екі ұшағы Газа секторының тұрғындарына 28 тонна гуманитарлық жүк жеткізетінін хабарлады.

РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Telegram-арнасының хабарлауынша, ұшақпен дәрі-дәрмек, гемостатикалық құрал-жабдықтар, таңу материалдары жеткізіледі.

Ресейлік гуманитарлық көмек Газа секторына әрі қарай жөнелту үшін Мысырдың Қызыл Жарты Ай қоғамының өкілдеріне беріледі.

Бұған дейін хабарланғандай, қазан айында Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы Газа секторының тұрғындарына 27 тонна азық-түлік жеткізген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу