Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау қашан басталады?

595

Газ көлемі өзбек тарапының өтініміне сәйкес келісіледі.

Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау қашан басталады? Фото: inbusiness.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдау жұмыстары қашан басталатынын айтты, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінгі таңда газды есепке алу үшін жеке торап бөле отырып, Қазақстан аумағында құрылыс жұмыстарымен байланысты жүргізілетін жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жақын арада бұл жұмыстар аяқталған соң транзиттің басталғаны туралы хабарлаймыз деген ойдамын. Газ көлемі өзбек тарапының өтініміне сәйкес келісіледі. Яғни, өтінімді алғаннан кейін біз транзиттің нақты көлемі туралй айта аламыз", - деді Энергетика министрі.

Алмасадам Сатқалиевтің сөзінше, жұмыс кестесіне сәйкес қазан айының соңына дейін аяқталуы тиіс.  

"Жөндеу жұмыстары аяқталуда, осы транзитті қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты іске қосу-жөндеу мәселелері жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу