Бүгін Нұр-Сұлтанға Ресей Федерациясы ТЖМ арнайы бортымен гуманитарлық жүк жеткізілді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Көмекті жеткізу ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин мен РФ Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустиннің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен уағдаластықтарының негізінде жүзеге асты.
Жеткізілген заттардың ішінде медициналық маска, қорғаныстық киім жиынтықтары мен медициналық препараттар бар.
Жақын арада тағы бірнеше рейстер орындалмақ.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі көрсеткен қолдауы үшін Ресей Үкіметіне алғыс білдірді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу