Ресейде өткен жылдан бастап шағын компаниялардағы орташа жалақы көлемі артпақ түгілі, керісінше, төмендеп кеткен, деп хабарлайды 24.kz.
Елдегі ең ірі қаржылық және аналитикалық орталықтың зерттеуіне сәйкес, айлық көлемі тек экономиканың кейбір салаларында ғана өскен. Инфляцияның рекордтық төмендеуіне қарамастан, Ресей халқының әл-ауқаты нашарлап жатыр. Ал жалақыдағы өсім барлық саланы қамтымайды. Бұл тұжырымды Ресейдегі ең ірі қаржылық және аналитикалық орталығының зерттеуінен көруге болады.
Елдегі жылдық инфляция тамыз айында 3,3%-ға дейін төмендеп, тарихи рекорд орнатты. Соған қарамастан, сарапшылардың пікірінше, 2016 жылы шағын компанияларда орташа жалақы 7,7%-ға төмендеген. Жалақы тау-кен өндірісі, өңдеу, тасымалдау, көтерме сауда және банк сынды экономиканың жекелеген салалары есебінен өскен. Дәл осы секторлар жоғары көрсеткішке ие болған. Ал бюджеттік сектордың жай-күйі көңіл көншітпейді. Мемлекеттік қызметшілердің жалақылары осымен үшінші жыл қатарынан көтерілмеген.