Ресей халықаралық әуе қатынасын тоқтатпақ

892

Тек шетелдегі ресейліктерді елге тасымалдауға рұқсат етілмек.

Ресей халықаралық әуе қатынасын тоқтатпақ

Ресей халықаралық әуе қатынасын тоқтатпақ. Ел үкіметінің баспасөз қызметінің дерегі бойынша, шешім 27 наурызда күшіне енеді. 

Сонымен қатар індет өршіп тұрған елдерден қайтарылатын ресейліктер коронавирусты анықтайтын тестен өтетін болды. Олардың температурасы тексеріліп, инфекцияның бар-жоғын анықтайтын анализдер жүргізіледі. Және олар 14 күндік үй карантиніне жатқызылатын болады.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресейде вирус жұқтырғандардың саны 658-ге жетіп, адам қайтыс болды. 29 кісі аурудан айыққан. 90 мыңдай тұрғын қазір дәрігерлердің бақылауында. Індеттің таралуын тежеу мақсатында ел президенті Владимир Путин келесі аптаны демалыс деп жариялады. Демалыс 28 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін жалғасады, қызметкерлердің осы уақыт аралығындағы жалақысы төленеді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу