Ресей инвесторы Ақмолада астық терминалдарын салуға ниетті

616

Ресей инвесторы Ақмолада астық терминалдарын салуға ниетті

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин Ресейде және шетелдерде ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме саудасымен айналысатын "СКАЙ" ЖШҚ компаниясының басшысы Михаил Васенкевичпен кездесті, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Әкімдіктің ақпаратына сүйенсек, кездесуде облыс басшысы Ақмола облысы Қазақстанда өсірілетін бидайдың едәуір бөлігін өндіретін Қазақстанның агроөнеркәсіптік өңірі екенін айтты. Жыл сайын облыс 32 елге 2 млн тоннаға жуық астық экспорттайды.

"Ақмола облысы инвестиция тарту үшін үлкен әлеуетке ие және ынтымақтастықты кеңейту үшін ұсыныстарды қарауға дайын. Біздің облысымыз астана маңындағы өңір және Астана нарығы үшін ауыл шаруашылығы өнімін басты жеткізушілердің біріне айналуы тиіс", – дейді әкім.

"СКАЙ" ЖШҚ компаниясының басшысы Михаил Васенкевич олар Иранмен және Жерорта теңізі елдерімен астық дақылдарын экспорттауда ынтымақтастық жасайтынын айтты. Ол астық дақылдарын өсіруге, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен 500 мыңнан 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуға және Ақмола облысында астықты терең өңдеу терминалдарының құрылысына инвестициялауға дайын екенін жеткізді.

"Бізге ең бастысы – астық сапасы, себебі қазіргі уақытта тұтынушылар экологиялық таза өнімді талап етеді, ал сіздің өңіріңізде астық сапасы өте жақсы", – дейді М. Васенкевич.

Кездесу соңында тараптар ет және сүт өнімдерін өңдеу саласындағы жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу