Ресей СІМ мәлімдемесінде қос ел келісімге дипломатия мен келіссөздер арқылы ғана қол жеткізетінін айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Құжатта қазіргі шиеленісу, қақтығыс ең бірінші кезекте Израиль және Иранмен шектесетін мемлекеттердегі жағдайдың қиындай түсетіні жазылған.
Ресей тарапы көп ұзамай МАГАТЭ Әкімшілік комитеті мен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі қарауы үшін жазбаша баяндама дайындайтынына сенімді.
Сонымен қатар, Ресей Иран тарапының Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) бойынша өз міндеттемелерін орындауды жалғастыруы керек деп есептейді.
– Негізі ЯҚТШ болып саналатын Ядролық қаруды таратпау мақсатына агрессия және жазықсыз құрбандар арқылы қол жеткізілмеуі керек, – делінген хабарламада.
Осыған дейін 70-тен астам қазақстандық азаматтың Ираннан шығуға жәрдем алғанын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеген еді. Яғни, осы кезде Иранда – 132, Израильде 219 Қазақстан азаматы бар.