Ресей, Иран және Түркия Сирияның солтүстігінде түрік операциясын өткізу мүмкіндігін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Консультациялар жалғасуда. Кеше айтарлықтай қарқынды талқылаулар болды, барлық делегациялармен, яғни ирандықтармен, түріктермен келіссөздер жүргіздік. Әрине, басты назарда Түркияның Сирияда әскери операция жүргізу жоспары болды", – деді Ресей Федерациясы президентінің Сириядағы жағдайды реттеу жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев.
Оның айтуынша, Ресей тарапы Анкараны қарулы күшке жүгінбестен мәселені бейбіт жолмен шешуге көндіруге тырысты.
Бұған дейін Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков ресми Мәскеу Түркияның жаңа операциясы Сирияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне кері әсере ететініне сенімді екенін айтты. Оның айтуынша, жаңа операция Сирия Араб Республикасының қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін.
Табиғат Нұрболат