Ресей Иран және Түркиямен Астана форматында кездесу өткізеді

714

Жиын Тегеранда болады.

Ресей Иран және Түркиямен Астана форматында кездесу өткізеді

Ресей, Иран және Түркия Астана форматындағы саммитті Тегеран қаласында 2022 жылдың ақпан немесе наурыз айларында өткізуге уағдаласты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Иран Сыртқы істер министрінің арнайы саяси мәселелер жөніндегі аға кеңесшісі Әли Асгар Хаджидің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Саммит жоспарланған. Біз оны келесі жылдың басында өткізуге дайындалып жатырмыз. Кездесу ақпан немесе наурызда болады", – деді дипломат.

Оның айтуынша, нақты шешім эпидемиологиялық ахуалға байланысты қабылданады.

21 және 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Сириядағы жағдайды реттеу бойынша Астана форматындағы келіссөздер өтеді. Екі күнге созылатын жиынға Иран, Ресей және Түркия елдерінің, сондай-ақ Сирия үкіметінің, Сирия қарулы оппозициясының және БҰҰ делегациялары қатысады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу