Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберді

150

Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді.    

Ресей Иранға гуманитарлық көмек жіберді Фото: report.az

Иран билігі Ресей мен өзге де достас мемлекеттерден гуманитарлық көмек сұраған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың айтуынша, елдегі көптеген аурухана мен жедел жәрдем қызметінің ғимараттары зақымданған. Соның салдарынан жараланғандар саны күрт көбейген. Олардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Осы жағдайға байланысты Иран билігі достас елдерден дәрі-дәрмек пен медициналық көмек жіберуді өтінген.

Владимир Путиннің тапсырмасымен Ресей Иран халқына гуманитарлық көмек жөнелтуді ұйымдастырды.

12 наурыз күні Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Иранға 13 тоннадан астам дәрі-дәрмек жіберілетінін хабарлады. Гуманитарлық жүк әскери-көлік авиациясының Ил-76 ұшағымен алдымен Әзербайжанға жеткізіліп, кейін Иран тарапына табысталады.

Айта кетейік, 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы әскери операция бастады. Бұған жауап ретінде Иран Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери базалар мен мұнай тасымалдайтын танкерлерге соққы жасап келеді.

Иран денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 8 наурыздағы жағдай бойынша әскери қақтығыстар басталғалы бері 1200-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу