Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болған автошерушілер Қазақстанға жетті

523

Автошерушілер Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы достық пен бейбітшілікті насихаттау үшін 32 мың шақырымды жүріп өтті.

Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болған автошерушілер Қазақстанға жетті

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы аясында автошерушілер Атырауға жетті, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Екі халық арасындағы достық пен бейбітшілікті насихаттау үшін 32 мың шақырымды артқа тастап, Ресей, Испания, Түркия, Грузия елдерінде болған автошерушілер бүгін Қазақстанға табан тіреді.

"Автошеруді осыдан төрт ай бұрын бастадық. Корей елінен 7 көлікпен шықтық. Мақсатымыз – 41 000 шақырым жүріп өтіп, елдерді тамашалау. Бүгін Бейнеуге жетіп, кейін Алматы сыңды қалаларды жүріп өтпекпіз. Сосын Өзбекстанға бару жоспарда бар. Қазақстан халқы бізді жылы қарсы алды", - деді автошеру көшбасшысының орынбасары Пак Чжун Гон.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу