Ресей қақтығысқа Донецктегі студенттерді жібереді

1677

Украина билігі "РФ шекаралас аудандарда 2,5 мыңға жуық резервистті жаттықтырып жатыр" деп мәлімдеді. 

Ресей қақтығысқа Донецктегі студенттерді жібереді

Ресей билігі Донецк облысының уақытша оккупацияланған аймақтарындағы студенттерді қақтығысқа тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Донецк облысының уақытша оккупацияланған аумақтарында жұмылдыру ресурсының  болмауына байланысты Ресейдің әскери қолбасшылығы жоғары оқу орындарының студенттерін әскери іс-қимылдарға тартуды жоспарлап отыр", – деп жазылған хабарламада.

Украина Қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, қазір Ресейде "жасырын жұмылдыру" шарасы жүргізілуде: үгіт-насихат жасалып, әскери мектептердің түлектері мен курсанттары қақтығыс аймағына тартылуда. Сонымен қатар Қарулы Күштердің Бас штабы "Ресей Федерациясы шекаралас аудандарда 2,5 мыңға жуық резервисті жаттықтырып жатыр, кейін оларды Украинаға "соғысуға" жібереді" деп мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Фото: depositphotos.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу