Ресей қалаларында Қазақстанның 1800-ден астам азаматы дауыс беруге келді

598

Қазақстандықтар Ресейде референдумға белсенді түрде дауыс берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресей қалаларында Қазақстанның 1800-ден астам азаматы дауыс беруге келді

5 маусымда Мәскеудегі Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы қалаларындағы Бас консулдықтарында ашылған сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумда дауыс берді.

Қазақстан Республикасының Ресейдегі Елшілігінің алдын ала мәліметі бойынша, Мәскеуде қатысуға тіркелген 1 876 адамның 1025-і, Санкт-Петербургте 514-тің 514-і, Қазанда 107-нің 107-сі және Омбыдағы 52-нің 52-сі, Астраханьда 114-тің 113-і дауыс берді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу