2023 жылдың 3 сәуірі мен 25 сәуірі аралығында Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабындағы Әскери академиясының базасында қорғаныс ведомстволарының, құқық қорғау органдарының жетекшілері мен мамандарына, ұлттық заңнамаға сәйкес әскери қызметші мәртебесі бар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің, қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтерінің аппараттары, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласында уәкілетті органдарға арналған кезекті VIII оқу курстары өтті.
Мамандар үшін арнайы бағдарлама бойынша әскери-саяси мәселелер, қазіргі заманғы сын-қатерлер ден қою, ҰҚШҰ форматындағы әскери ынтымақтастық, сондай-ақ әскери стратегия, әскери қолбасшылық және әскери экономика мәселелері бойынша дәрістер мен тәжірибелік жаттығулар курсы өткізілді. Сабақтарды Ресей Федерациясы Қарулы күштері Бас штабының оқытушылар құрамы, ҰҚШҰ хатшылығының қызметкерлері және ҰҚШҰ Біріккен штабының әскери қызметкерлері жүргізді.
ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің өкілдерін оқыту ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер үшін әскери кадрларды даярлау туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылады.
Жыл сайын өткізілетін курстар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекеттік және әскери басқару органдарының басшылығы мен жетекші мамандарының білім деңгейін айтарлықтай арттырады, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы шеңберіндегі одақтастық қатынастарды нығайтуға ықпал етеді.