Ресей Қарулы күштері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының үштен бірін істен шығарды

575

Соңғы екі күнде Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының шамамен 30 пайызы Ресей Қарулы күштерінің зымыран соққыларына ұшырады. 

Ресей Қарулы күштері Украинаның энергетикалық инфрақұрылымының үштен бірін істен шығарды

Бұл туралы Украинаның Энергетика министрі Герман Галущенко мәлімдеді.

Галущенко ұжымдық батыс елдерін Киевке Украинаның инфрақұрылымын қорғауға мүмкіндік беретін әуе қорғанысы жүйелерін беруді сұрады.

"Біздің серіктестерге айтарымыз – біз Украинаның аспанын қорғауымыз керек", – деді министр CNN-ге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, соғыс басталғалы Ресей алғаш елдің энергетикалық инфрақұрылымын жоюды мақсат тұтып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу