Ресей кәсіпкерлері "Қорғас-Шығыс қақпасы" нысандарын аралады

673

Ресей кәсіпкерлері "Қорғас-Шығыс қақпасы" нысандарын аралады

Татарстан Республикасының Менделеев муниципалды ауданының делегациясы "Қорғас-Шығыс қақпасы" АЭА нысандарымен танысты, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.

АЭА өкілдері Ресей делегациясының мүшелеріне Қазақстанның транзитті көлік әлеуетін дамыту мақсатында Қорғастың көршілес мемлекеттермен логистикалық, экономикалық, мәдени қарым-қатынас аясын кеңейте түскенін әңгімеледі.

Делегация жетекшісі В. Чершинцевтің айтуынша, "олар осы сапарында "Қорғас" АЭА мүмкіндігімен танысып, болашақта серіктестіктің табысты болатынына" сенім білдірді.

Оның айтуынша, кездесу барысында сауда-экономикалық, қаржылық инвестициялық, көлік логистикалық коммуникациялық басқа да көптеген бағытта өзара қарым-қатынас жасайды.

Делегация мүшелері АЭА нысандарында болып, индустриялық және логистикалық аймақтардың, Құрғақ порттың, "Қорғас" ХШСО  мүмкіндігімен танысты.

Ресей кәсіпкерлері Қазақстан аумағы арқылы Қытайға тауар өткізуге болатын транзиттік бағдарларды пайдалануға мүдделілік танытып отыр.

Делегация мүшелерінің пайымдауынша, болашақта "Қорғас" ХШСО аумағынан Татарстанның өкілдігін ашу арқылы кедендік және басқа да жеңілдіктерді қолдануға болатындығы кәсіпкерлерді ынталандырады.

"Қорғас" ХШСО АҚ басшысы Қ. Жазиннің айтуынша, ресейлік кәсіпкерлер делегациясының келуі АЭА-да  екі ел арасындағы бизнес қауымдастықтардың әріптестігін одан әрі дамытуға серпін беретін белсенді жұмыстардың басталғанының айғағы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу