Ресей Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарын асыға күтуде – Дмитрий Песков

593

Мәскеу сапар жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді.  

Ресей Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарын асыға күтуде – Дмитрий Песков Фото: Матч ТВ

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы мемлекеттік сапарына қатысты дайындық жайында пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Песковтың хабарлауынша, биылғы қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады.

"Қазір біз Қазақстан Президентінің қараша айында Ресей Федерациясына жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Бұл дайындық әртүрлі арналар арқылы жүріп жатыр. Біздің дипломаттар, парламент, БАҚ та жұмыс істеп жатыр. Жауапкершілік үлкен. Біз бұл сапарды асыға күтеміз. Жоғары деңгейдегі кездесулер барысында жарияланатын ауқымды құжаттар топтамасы дайындалуда", – деді Ресей басшысының баспасөз хатшысы Алматыда өткен II Қазақстан-Ресей медиафорумында.

Ол бұл сапар жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. 

"Қабылдаушы тарап ретінде біз сапарды барынша жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысып жатырмыз", – деді Дмитрий Песков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу