Ресей қателікпен соттағаны үшін Қостанай тұрғынына 1,6 млн теңге төлейді

1404

Ресей қателікпен соттағаны үшін Қостанай тұрғынына 1,6 млн теңге төлейді

ҚазАқпарат - 2005 жылы Сумбат Оганов есірткі тасымалы үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат "Наш Костанай" порталына сілтеме жасап.

Бірнеше жылдан кейін Огановтың ісіне қатысты жаңа мәліметтердің пайда болуына байланысты, Ресей Ферерациясы Бас прокуратурасының бастамасымен тергеу қайта жүргізілді. Жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері бұрмаланған факті анықталды.

2015 жылдың желтоқсанында Сумбат Оганов бостандыққа шығып, моральді шығын ретінде үш миллион рубль төлеу талабымен сотқа арыз жазды. Бірінші сатыдағы сот оған жарты миллион рубль төлеуді үкім етті, алайда Татарстанның Жоғарғы соты оны  300 мың рубльге дейін түсірді.

inform.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу