23 маусым күні Ресей Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев Қазақстанға келеді, деп жазады inbusiness.kz ria.ru сайтына сілтеме жасап.
Патрушев Орталық Азия елдері мен Ресейдің қауіпсіздік тақырыбы талқыланатын іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
"Алматыда қауіпсіздік мәселелері бойынша кезекті ресейлік-қазақстандық консультациялар өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Жұма күні Орталық Азия және Ресей елдерінің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының бірінші кездесуі өтеді. Мұнда қазіргі жағдайдағы аймақ пен Ресейдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланбақ.