Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді

321

Бұл туралы РФ қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қазақстанға келді Фото: Риа Новости

"Ресей Федерациясы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу Астанаға келді. Онда ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынасты, қауіпсіздік мәселелерін және Сириядағы жағдайды талқылайды. Бұл – Ресей қауіпсіздік кеңесі хатшысының 2025 жылғы алғашқы шетелдік сапары", – делінген хабарламада.

РФ қауіпсіздік кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапары барысында Ресей Федерациясы мен Қазақстан қауіпсіздік кеңестерінің кеңселері арасындағы екіжақты консультациялар, сондай-ақ қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетовпен кездесу өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу