Тиісті келісім-шартқа Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПМЭФ) аясында қол қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, "Газпром" ЖАҚ басқарма төрағасы Алексей Миллер мен Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресейден Өзбекстанға газ тасымалдауды ұлғайту үшін "Орта Азия-Орталық 4" магистральдық газ құбыры объектілерін дайындау іс-шаралар жоспарына қол қойды.
"Тараптар ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Ресей газын республикаға ағымдағы және перспективалық жеткізу туралы сөз болды", — делінген хабарламада.