Ресей Қазақстан арқылы Қытайға ағаш тасымалын ұлғайтпақшы

1132

"Достық" стансасы арқылы ай сайын 150 вагон ағаш жөнелтіледі.

Ресей Қазақстан арқылы Қытайға ағаш тасымалын ұлғайтпақшы

Қытай тарабы Ресейден сатып алатын ағашты Достық стансасы арқылы тасымалдауға құлықты. Қазақстандық KTZ Express компаниясымен арадағы келісім қайта қаралып, тасымал көлемі ұлғайтылды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Ресейдің Злобино, Базайха, Красноярск, Лесосібір, Чунояр стансаларына жиналған ағаштың бәрі енді Достық стансасы арқылы Қытайдың Чунцин, Чэнду, Сиань және Ланчжоу қалаларына жөнелтіледі.

"Айлық трафик көлемі әрқайсысы 40 футтық 50-62 контейнерден тұратын 15-30 пойызды құрайды. Аталмыш бағыттағы тасымалға сұраныс артқандықтан,KTZ Express 2020 жылдың наурызынан бастап жеке ғана емес, маршрутқа тартылған контейнерлерді іске қосты", – деп жазылған хабарламада.

Ресми мәлімет бойынша, 2020 жылдың алғашқы 3 айында Қытай-Ресей-Қытай бағыты бойынша шамамен 7,9 мың ЖФЭ (20 футтық эквивалент) ағаш тасымалданған.

Еске салсақ, Ресей тарабы Қазақстан арқылы Қытайға ағаш тасымалдауды 2018 жылы жандандырған болатын. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу