Ресей Қазақстан астығын тасымалдауға тосқауыл болып отыр

462

Парламент Мәжілісінің ауылшаруашылық комитеті Ресейдің Қазақстан астығы тасымалына біржақты шектеулер енгізгенінен кейін елде шығынға ұшырағандар көбейгеніне алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Ресей Қазақстан астығын тасымалдауға тосқауыл болып отыр Фото: canva.com

Депутат Айдарбек Қожаназаров ел Үкіметі Россельхознадзорға бұл шектеуді алып тастауға талап қоюы қажет екенін айтады.

Сөзінше, отандық экспорттаушылардың келісімшарттары бұзылып, айыппұл арқалап, шығынға батып жатыр. 

– Биыл жиналған 25,2 млн тонна астық уақытылы сатылмай, сапасы нашарлап, пайдасын көрмей қалуымыз мүмкін. Әрі, Россельхознадзор бұл әрекеті арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың еркін сауда айналымы туралы талабын бұзған. Сондықтан шешімінің күшін жоймаса, бұл ісі осы одақтың сотында қаралуы тиіс. Сондай-ақ, нақты іс-шаралар қолданылу керек, – дейді ол.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу