Ресей Қазақстан, Моңғолия және ҚХР теміржол жобаларына 31 млрд АҚШ долларын бөлуі мүмкін

716

Бұл жөнінде Ресей Көлік министрлігінің таныстырылымында айтылды. 

Ресей Қазақстан, Моңғолия және ҚХР теміржол жобаларына 31 млрд АҚШ долларын бөлуі мүмкін

Ресей 2030 жылға дейін Қазақстан, Моңғолия және Қытайда теміржол инфрақұрылымын салу бойынша шетелдік жобаларды дамытуға 30,8 млрд АҚШ долларын бөлуі мүмкін, деп жазады inbusiness.kz "Ведомостиге" сілтеме жасап.

Бұл қаражатқа Ресейдің мемлекеттік шекарасы арқылы үш жаңа теміржол өткізу пунктін салу жоспарланып отыр. Оның ішіне Ресей аумағында 369 км жол, Қазақстан, Моңғолия және Қытай аумағында 3000 км теміржол жолын салу кіреді. 

Дегенмен нақты жобалар туралы айтылмаған. Таныстырылымдағы көлік-логистикалық дәліздердің картасына қарағанда, бұл жоқ дегенде жеті ауқымды құрылыс туралы болуы мүмкін. Бірақ та, көршілес Азия елдерінің қолдауынсыз оларды жүзеге асыру қиынға соғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу