Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ Ресей Өзбекстанға ұлттық ғарыш жүйесін құруға көмек береді, деп хабарлайды Газета.uz-ға сілтемемен egemen.kz.
Ресей, Өзбекстан, Қазақстан арасындағы үшжақты серіктестік жобасын "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының Қазақстандағы өкілі Анатолий Красников Өзбекстан мен Ресей аумақаралық серіктестік форумы аясында таныстырды.
"Орбитадағы Sat-2 құрылғысын ауыстырып жатқан Қазақстан Республикасымен ортақ жоба жасап, құрылғыға жаңа мүмкіндік беруге жол ашамыз", - деді Анатолий Красников.
KazSat-2R құрылғысын 2023 жылы KazSat-2 құрылғысына аустыру керек. Ол телерадио, байланыс, ақпарат алмасу, VSAT желісі, мультимедия жұмысын жүйелейді. "Роскосмос" ақпараты бойынша, жаңа құрылғы Өзбекстан, Қазақстан, Ресейдің орталық аумағын, Орталық Азияның басқа аумақтарын қамти алмақ.