Ресей-Қазақстан шекарасында ірі өрт тұтанды

701

Ресейдің Алтай өлкесі Михайловск ауданында тұтанған ірі отты сөндіруге өрт сөндіру пойызы тартылды.

Ресей-Қазақстан шекарасында ірі өрт тұтанды Фото: ТАСС

13 сәуір күні сағат 13:30-да Ключевск орман шаруашылығының өрт-бақылау мұнарасының кезекшісі Қазақстан жағынан түтінді байқаған. Бұл туралы altapress.ru Алтай өлкесінің Табиғатты қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Теміржол көлігі оқиға орнында жұмыс істеп жатқандарға 120 тонна су жеткізіп, арнайы техникаларды сумен қамтамасыз етеді. Бұл туралы Батыс-Сібір теміржолының баспасөз қызметінен мәлім етті.

От Қазақстанмен шекарада жанған. Авиациялық орман күзетінің ақпаратына сәйкес, жалын 1 мың гектар аумақта оқшауландырылды. Өрт сөндірушілер оны 800 адам тұратын Бастан ауылынан 9 км жерде өшірді.

Тілсіз жаумен күреске 82 маман, 42 техника, соның ішінде түкұшақ, 4 автоцистерна, 24 өрт сөндіру техникасы, 8 трактор жұмылдырылған. Жағдайды екпінді жел қиындатып отыр.

Жалын үйлерге жақындаған жағдайда көмек көрсету үшін құтқарушылар Бастан ауылына және таяу орналасқан өзге де елді мекендерге жетті. Тұрғындарға өрт қаупі туралы ескертілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу