Ресей Қазақстан үшін саясатта да, экономикада да басты серіктес болып қалады – Назарбаев

974

Ресей Қазақстан үшін саясатта да, экономикада да басты серіктес болып қалады – Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Ресей мен Қазақстан үлгілі қарым-қатынас құра білген деп санайды.

"Біз  25 жыл ішінде тату-тәтті көршілер мен мемлекеттер арасында болуға тиіс үлгілі қарым-қатынас құрдық деп санаймын", – деп мәлімдеді ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде. Бұл туралы "Интерфакс" жазып отыр.

"Биыл екі елдің тиісті ведомстволары дипломатиялық қарым-қатынастың  25 жылдығын атап өтіп отыр", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Президент қол жеткізген жетістіктердің қатарында одаққа мүше елдердің барлығы үшін "болашағы зор, маңызды іске" айналған Еуразиялық экономикалық одақты атады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, РФ Қазақстан үшін "саясатта да, экономикада да нөмірі бірінші серіктес" болып қала береді. Ол биыл Владимир Путинмен бірқатар кездесулер өткізетініне тоқталып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев  Ресей басшысының сәуірде өтетін Жібек жолы белдеуіне арналған қытайлық конференцияға қатысуға келісім бергенін тілге тиек етті.

"Мұнан соң 8 маусымда Қазақстанда – ШЫҰ және  дүниежүзілік ЭСКПО-2017 көрмесінің ашылуы, күзде – аймақаралық конференция", – атап көрсетті елбасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу