Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен ҚР Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ресми кездесуде еліміздегі алғашқы АЭС салу жайын сөз етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы күні бейінді ведомстволар желісі бойынша техникалық және қаржылық параметрлерді, сонымен қатар заң тұрғысынан пысықтау жүргізіліп жатқанға ұқсайды.
– Ресей Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарында және ел экономикасы үшін ірі инвестор саналады. Жылу және гидроэнергетикадағы бірлескен жобалар арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көп көңіл бөлініп отыр. Біз биылғы маусым айында ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясын республикадағы бірінші атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумның көшбасшысы етіп таңдағанын құптадық. Мен әріптесіме осы саладағы барлық міндеттемемізді әділ, әсіресе өз мерзімінде және толығымен орындауға дайын екенімізді растадым, – деді С.Лавров.
Кездесу барысында қос елдің министрлері 12 қарашада өтетін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды.