Ресей Қазақстандағы жағдайды бақылап отыр – РФ СІМ

897

Зардап шеккен ресейліктер жоқ. Қазақстандағы жағдайды мұқият қадағалаймыз, деп хабарлайды Inbusiness.kz РФ СІМ-не сілтеме жасап.

Ресей Қазақстандағы жағдайды бақылап отыр – РФ СІМ

Ведомствоның хабарлауынша, зардап шеккен ресейліктер туралы мәлімет жоқ.

Айта кетейік, Қазақстандағы митингтер 2 қаңтарда Жаңазөзен қаласынан (Маңғыстау облысы) басталған еді. Онда тұрғындар газ бағасын төмендетуді талап етіп митингке шықты. Кейін басқа өңірлердегі тұрғындар наразылық акцияларына қосыла бастады.

ҚР ІІМ бүгін 200-ден астам адамның ұсталғанын мәлім етті.

Қазақстан Президенті үкімет отставкасын қабылдады. Ал Премьер-министр міндетін уақытша үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов атқарады. Үкімет мүшелері жаңа үкімет құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқара береді.

Бүгінде Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу