Ресей қазақстандық 3 кәсіпорыннан өнім импорттауға тыйым салды

951

Ресей қазақстандық 3  кәсіпорыннан өнім импорттауға тыйым салды

Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметі 1 маусымнан бастап Қазақстанның үш кәсіпорнынан сүт өнімдерін жеткізуге тыйым салды, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Ведомство материалдарында айтылғандай, тыйым салынғандар қатарына "Тайынша-Астық" ЖШС, "Деп" ААҚ және "Молпродукт" ЖШС ілінген.
Бұдан бұрын Ресей Белорусьтің сапасыз құрғақ сүтін қайта экспорттап жатыр деп Қазақстанға күдік келтірген болатын. Күдіктенуге Қазақстанның биыл аталған өнім экспортын күрт өсіруі себеп болған.
Талдау көрсеткіштері бойынша, осы жылдың 23 мамырындағы жағдаймен алғанда Қазақстан Ресейге 5 742 мың тонна өнім жеткізген. Ал аталған өнімнің жыл бойғы жеткізілімі 2017 жылы 772 тоннаны құраған.       
Осыған байланысты көрші елдің қадағалау қызметі қазақстандық құрғат сүт өндірушілерді тексеруді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу