Ресей қазақстандық вакцинация төлқұжатын неге мойындамай отыр?

1162

Қазақстан мен РФ вакцинация төлқұжатын (паспортын) өзара мойындау туралы ноталармен алмаспаған.  

Ресей қазақстандық вакцинация төлқұжатын неге мойындамай отыр?

Ресейде қазақстандық вакцинация төлқұжатын (паспортын) мойындау туралы мәселесін заң аясында қарастыру керек. Себебі, қос мемлекет тиісті ноталармен алмасуы қажет. Бұл туралы Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

"Бүгінде Ресейде вакцинация алған адамдар... Олардың вакцинация төлқұжаты Қазақстанға кірген кезде мойындалған жоқ. Олар коронавирустың бар-жоғына ПТР-тест тапсырады және теріс нәтижесі бар анықтаманы 72 сағатта көрсетуі тиіс...", - деді Роза Қожапова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Басқарма басшысы қос мемлекет вакцинация төлқұжаттарын өзара мойындау бойынша құжат алмаспағанын, сондықтан осындай мәселе туындап отырғанын жеткізді.

"Вакцинация төлқұжаттарын өзара мойындау туралы қос елдің (Қазақстан мен Ресей – автор) Сыртқы істер министрліктері ноталармен алмасуы керек. Бұл белгілі бір уақытты алады. Бұл – заңды рәсім. Бүгінде өзара мойындау туралы нота алмасу кейбір елдермен жүргізілді. Алайда бұл рәсім әлі аяқталған жоқ. Сондықтан қазақстандық вакцинация төлқұжаты Ресейде мойындалмай отыр", - деп түйіндеді сөзін Қожапова.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу