Қазақстанның бірқатар облыстарында жаңа маршруттар салудан гөрі газды Ресейден алу оңайырақ. Бұл туралы Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумы (ПХЭФ) алаңында өткен Халықаралық ақпараттық агенттіктердің басшыларымен кездесуде РФ президенті Владимир Путин мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Егер энергетика туралы айтатын болсақ, біз Өзбекстанға ғана емес, Қазақстанға да газ жеткізетін боламыз. Солтүстік Қазақстан біздің энергия тасымалдаушыларымызға мұқтаж", - деді Путин.
Оның айтуынша, Қазақстанның барлық облыстары газбен жабдықтауды қажет етеді.
"Ресейден газ алу миллиардтаған доллар тұратын жаңа маршруттарды салудан гөрі оңайырақ және арзанырақ", — деп қосты Ресей президенті.
Ол Ресей мен Қазақстанның одақтастық және стратегиялық қарым-қатынастары өте жақын екенін атап өтті.
"Сауда-экономикалық байланыстар дамып жатыр. Екі елде де өзара іс-қимылдың көптеген бағыттары бар: бұл энергетика, өнеркәсіптік кооперация мен ғарыш", - деп қорытындылады Путин.