Ресей Қазақстанға рекордтық мөлшерде астық экспорттауы мүмкін

1024

Биыл Қазақстанда егіннің аз шығуы жеткізілімнің өсуіне себеп болып отыр. Сұраныстың артуы Сібірде астық бағасының көтерілуіне әкеліп соқты.

Ресей Қазақстанға рекордтық мөлшерде астық экспорттауы мүмкін

Ресей 2019 жылдың шілдесі мен 2020 жылдың маусым айы аралығында елімізге 1,5-2,5 млн тонна астық экспорттауы мүмкін. Бұл туралы "СовЭкон" орталығының сарапшылары мәлім етті. 

Олардың пікірінше, биыл Қазақстанда егіннің аз шығуы жеткізілімнің өсуіне себеп болып отыр. Сұраныстың артуы Сібірде астық бағасының көтерілуіне әкеліп соқты. Ресми дерекке сүйенсек, өткен аптада үшінші сұрыпты бидай бағасы 200 рубльге қымбаттап, тоннасы 10700 рубль болды. 

АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі биыл Қазақстан 11,5 млн тонна астық жинайды деп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 18%-ға аз.

Жалпы, ресейлік бидайдың бағасы өткен аптада 1 долларға көтеріліп, тоннасы 208,5 долларға жетті. Сонымен қатар ішкі нарықтағы бағалар да өсуде. 

Елдің еуропалық бөлігінде үшінші және төртінші сұрыпты бидайдың орташа құны 50 рубльге қымбаттап, тоннасы 11225 рубль және 11125 рубль болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу