Ресей Қазақстанға вакцинаның 2 млн дозасын жібермек

1071

Бұл туралы көрші елдің тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев айтты.  

Ресей Қазақстанға вакцинаның 2 млн дозасын жібермек

Ресей Қазақстанға коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 млн дозасын жібермек, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұлттық зертхана орталығында Қазақстанға арналған вакцина дайын. Тек "Спутник V" сынақтан өткен соң ғана елге тасымалданады. Ғылыми орталықтың басшысы Қазақстанға жіберілетін  вакцина  көлемін ұлғайтатынын да жеткізді. Шамамен 5 млн дозаға дейін арттыру көзделген. Ал бағасы қанша екенін коммерциялық құпия деп жарияламады.

Айта кету керек, бүгін Президенттің тапсырмасымен  Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған біздің делегация  Мәскеу ресейлік мамндармен вакцинаны сатып алу туралы келісім жасады. Бұдан бөлек, қос мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері Алексей Цой мен Михаил Мурашко да вирусқа қарсы күресте бірге жұмыс атқаратындары туралы меморандумға қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу