Ресей Қазақстанға жағармай экспортына қойған шектеуін алып тастауды ұсынды

590

Ресей мемлекеттік думасы Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы мұнай мен мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерту енгізу жайлы хаттаманы ратификациялады.

Ресей Қазақстанға жағармай экспортына қойған шектеуін алып тастауды ұсынды

Ресей мемлекеттік думасы Қазақстан мен Ресей Федерациясы үкіметтері арасындағы 2010 жылдың 9 желтосанындағы мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерту енгізу жайлы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Қазақстанда үш ірі мұнай өңдеуші зауытты жаңғырту жұмысы аяқталды және біршама уақыт нарықта өнім молықты. Осыған байланысты республика аумағынан бензинді экспорттау мүмкіндігі туралы шектеуді алып тастаймыз, бірақ басқа да позицияларға қатысты ведомствоаралық келісім жасап жатырмыз, Ресейден Қазақстанға жағармайларды жеткізуге қойылған шектеуді алып тастау, ұлғайту ұсынылып отыр", – деді энергетика министрінің орынбасары Анастасия Бондаренко мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде.       

Айта  кетсек, энергетика министрі Қанат Бозымбаев парламенттің төменгі палатасына бұған дейінгі заң жобасын ұсынған еді.

"Бүгінгі күнге дейін Қазақстандағы бензин өндіру ішкі нарықты қамтып отыр, сондай-ақ оны экспорттауға мүмкіндік береді. Ратификация аяқталып, ведомствоаралық хаттамаға қол қойылғаннан кейін, Қазақстан үшінші елдерге бензин экспорттауды бастайды",– деген болатын министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу