Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастайды

2114

Бұл шешімді РФ-ның коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы қабылдады.

Ресей Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді алып тастайды

Биыл 30 наурыздан бастап Ресей Федерациясы Қазақстан мен Моңғолияға құрлық шекарасы арқылы өтуге қойылған шектеулерді алып тастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап. 

"2022 жылғы 30 наурызда Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап, Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық бөлігі арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға баруына, сондай-ақ Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы Моңғолия азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Моңғолияға өтуіне тыйым салатын шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады", – деп жазылған Ресейдің коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабы таратқан хабарламада. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу