Жыл басынан бергі жеті айда Қазақстан жалпы құны 316,4 млн доллар болатын 603,1 тонна күміс экспорттаған, деп хабарлайды naryk.kz.
Статистика комитетінің мәліметінше, аталған көрсеткіш 2016 жылдың осы уақытымен салыстырғанда 24,3% азайып, ақшалай көлемде 8,5% қысқарған.
Қазақстан күмісінің басым бөлігі Британияға жөнелтіледі. Бұл ел Қазақстаннан $262 млн-ға 505 тонна күміс сатып алады. Дегенмен, биыл бұл елге экспорт көлемі 28,3% азайды.
Одан кейін Германия $46,5 млн-ға 83,4 тонна күміс аласа, АҚШ $7,8 млн-ға 14,6 тонна сатып алды.
Алтын сату көлемі де айтарлықтай азайып, тіпті нөлге жақындады. Өткен жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан $14,1 млн-ға 0,6 тонна алтын сатса, биыл осы уақытта бар болғаны $2,9 мыңның алтынын сатқан. Былтыр біздің алтынды Ресей мен Британия сатып алса, биыл тек Британияға ғана жөнелтілген