Ресей Қазақстаннан астық алуды не үшін тоқтатты?

437

Қазақстанның ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігі атынанан "Россельхознадзорға" ресми хат жолдағанын растады.  

Ресей Қазақстаннан астық алуды не үшін тоқтатты? Фото: inbusiness.kz

Оған ресейлік тараптың ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелту кезіндегі олқылықтарды анықтағаны себеп болған, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Салдарынан қазақстандық жеткізушілер Ресейге жөнелтетін астық, қызанақ, бұрыш пен күнбағыс тұқымдарына фитосанитариялық сертификаттарды беру тоқтатылып отыр.

Ермек Кенжеханұлының айтуынша, біздің тараптан ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Ресейден түсініктеме беруді сұрады.

"Біз "Россельхознадзордан" жауап хатта анықталған оқылықтарды, заң бұзушылықтарды растайтын фактілерді ұсынуды сұрадық", - деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі.

Ермек Кенжеханұлы "экспорттау кезінде біздің тарапымыздан ешқандай заң бұзушылыққа жол берілмегеніне" сенімді.

"Түсініктеме бізге заң бұзушылықтардың шынымен орын алғанына көз жеткізу үшін қажет. Анықталған зертханалық зерттеулер мен осы жұмыстардың нәтижелері бойынша тиісті есептерді сұрадық. Әзірге Россельхознадзордан ешқандай жауап алған жоқпыз", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу