Бұл туралы Ресейдің Ветеринар және фитосанитарлық қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Қазақстан гүлдердің көп бөлігін Голландия, Польша және Бельгиядан қайта экспорттайды. Алайда, бұл елдердің құзырлы органдары өнімнің қауіпсіздігін бақылаудың тиісті деңгейін қамтамасыз етпейді.
"Бұл шешім Ресейдің фитосанитарлық жағдайын және тауарлар экспортының көлемін сақтау мақсатында, сондай-ақ 2023-2024 жылдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін карантиндік нысан саналатын батыс гүл жәндігінің (Frankliniella occidentalis Pergande) гүл өнімінен табылған көптеген жағдайларына (43 жағдай) байланысты қабылданды", – делінген ресми хабарламада.