Ресей Қазақстаннан көмек сұрады

492

Ресей билігі ұшақ тапшылығы қаупіне байланысты ішкі жолаушылар рейстерін ұйымдастыру үшін көршілес елдерден көмек сұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ресей Қазақстаннан көмек сұрады Фото: ehonews.kz

Көлік министрі Роман Старовойттың айтуынша, шетелдік әуе компаниялардан елді мекендер арасында рейстерді орындайтын каботаждық тасымал түрі қарастырылап жатыр.

Ресейде мұндай құқыққа қазір тек отандық әуе тасымалдаушылары ғана ие.

"Каботаждық тасымалдауға рұқсат беру мүмкіндігі әуе кемелері паркінің тапшылығы аясында қарастырылуда", – деп түсіндірді ол.

Қазіргі таңда басқа елдермен де келіссөздер жүргізіліп жатқанын атап өтті. Алайда нақты қай елдер екенін айтпады.

Соғысқа дейін ресейлік авиакомпаниялар флоты 850 ұшақтан тұрды. Бірақ бұл көрсеткіш 2023 жылдың басында Oliver Wyman консалтингтік компаниясының бағалауы бойынша 736 ұшаққа дейін қысқарды. 

Ресейде санкцияларға байланысты 2026 жылға қарай ұшақтардың саны екі есе азаюы мүмкін.

Ресей билігі авиация саласын дамытудың ауқымды бағдарламасын іске қосып, шетелдік флотты өз ұшақтарымен ауыстыруды жоспарлауда, оған сәйкес елдегі азаматтық авиалайнерлердің өндіріс көлемі екі жылда Кеңес Одағы кезінен бергі рекордтық деңгейге жеткізбек – 2026 жылға қарай жылына 120 бірлік, 2028 жылға қарай жылына 200 бірлік және 2030 жылы жылына 230 бірлік.

Бағдарламаға сәйкес, өткен жылы ресейлік тасымалдаушылар импортты алмастыратын екі Sukhoi Superjet пен үш Ту-214 лайнерін, ал биыл бірінші үлгідегі 20 ұшақты, екінші үлгідегі – 7 ұшақ, сонымен қатар 6 аймақтық MC-21 мен екі турбовинтті Ил-114-300-ді алуы керек еді. 

Нәтижесінде, ресейлік авиация өнеркәсібі тек екі Ту-214 және бір Ил-96-300 шығара алды, ал үкімет бағдарламаны түбегейлі қысқарту туралы шешім қабылдады. 2025 жылы бастапқыда жоспарланған 82 ұшақтың орнына қазір небәрі 20 ұшақ шығарылады деп күтілуде. 2026 жылға арналған жоспар 120 ұшақтан 97-ге, 2027 жылға – 180-нен 140-қа дейін қысқарды.

Ресей Премьер-министрінің бірінші орынбасары Денис Мантуров қыркүйекте бағдарлама келесі жылы қайта қаралуы мүмкін екенін ескерткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу