Ресей Қазақстаннан қызанақ жеткізуге қойған шектеулерін алып тастады

1277

Бүгіннен бастап Ақтөбе және Алматы облыстарынан Ресей Федерациясына қызанақ экспорттауға қойылған шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы еліміздің Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресей Қазақстаннан қызанақ жеткізуге қойған шектеулерін алып тастады

"ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті РФ-ның  Россельхознадзор қызметімен келіссөздер жүргізіп, "Green Capital Kazakhstan"  ЖШС және "Green Land Alatau" ЖШС-нің қызанақ жемістерінде қауіпті вирусы (Tomato brown rugose fruit virus немесе ToBRFV) бойынша жылыжайлардың карантиндік фитосанитариялық жай-күйі туралы өзекті ақпаратты ұсынды. Қазақстан тарап ұсынған құжаттардың қорытындысы бойынша Россельхознадзор биылғы жылдың 27 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясына Ақтөбе және Алматы облыстарынан қызанақ алып келуге уақытша шектеулерді алып тастады",– деп жазылған АШМ хабарламасында.

Еске сала кетсек, 19 қаңтарда Павлодар облысынан қызанақ жеткізуге қойылған шектеулер алынып тасталған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу