Ресей Қазақстаннан АИ-92 жанармайын сұрап отыр

387

Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.  

Ресей Қазақстаннан АИ-92 жанармайын сұрап отыр Фото: canva

Ресей Қазақстаннан 50 мың тонна АИ-92 жанармайын импорттауды немесе ресейлік мұнайды қазақстандық МӨЗ-де өңдеп, дайын жанармайды қайтадан Ресейге шығару мүмкіндігін талқылап жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазір федерация ішінде тапшылық күшейген. Басты себеп – украиналық дрон шабуылдарынан кейін бірқатар ресейлік мұнай өңдеу зауыттарының істен шығуы. Маусым айында Орталық Ресейдегі ірі МӨЗ-дердің тоқтауынан бензин өндірісі былтырғы маусыммен салыстырғанда 25% қысқарған.

Reuters мәліметінше, Мәскеу мұнай өңдеу зауыты ауыр зақым алып, кемінде 6 ай жұмыс істемейді. Бұл зауыт 2024 жылы 11,6 млн тонна мұнай өңдеп, 2,9 млн тонна бензин өндірген еді.

Тапшылық салдарынан Ресей сапасы төмендетілген жанармай мен дизель өндіруге рұқсат берді, теңіз арқылы импортты қарастырып жатыр. Дизель экспортына уақытша тыйым салуы мүмкін. Ресейдегі бірнеше облыста жанармай тапшылығы сезіліп, үнемдеуге көшті.

Қазақстан Ресей үшін маңызды ресурсқа айналып отыр. Бірақ оның оңай шешілуі екіталай. Себебі, жақын күндері Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге тоқтайды. АМӨЗ-де 26 маусым мен 20 шілде аралығына жоспарланған жөндеу жұмыстары кезінде жиналған қор айтарлықтай сарқылады. Сондықтан Қазақстанның өз ішкі қорын сақтау мәселесі де өзекті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу