Ресей Қазақстаннан жеткізілген 40 тонна қауынды елге кері қайтарды

216

Бұл туралы Ресейдің Ауыл шаруашылығын қадағалау федералдық қызметі хабарлады.  

Ресей Қазақстаннан жеткізілген 40 тонна қауынды елге кері қайтарды Фото: gov.kz

Челябі облысындағы "Бугристое" шекаралық өткізу бекетінде Қазақстаннан жеткізілген 40 тонна қауынды өткізуге тыйым салынып, жүк кері қайтарылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ведомство мәліметінше, Қазақстаннан Ресейге әрқайсысы 20 тоннадан жүк тиеген екі жүк көлігі өтпек болған. Өнім Екатеринбург пен Пермь қалаларындағы көкөніс-жеміс базаларына жеткізілуі тиіс еді.

Тексеру барысында өнімнің басым бөлігінде тұтынушылық жапсырмалардың жоқ екені анықталды. Атап айтқанда, карантиндік өнімнің шыққан елі, атауы, қапталған күні және қаптамалардың бірегей сәйкестендіру кодтары көрсетілмеген.

Осыған байланысты тасымалдаушыларға Ресей Федерациясының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 10.2-бабы (карантиндік өнімді әкелу және әкету тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу