Ресей территориялық тұрғыда талап қояды деген алаңдаушылығымыз жоқ. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Олаф Шольцпен келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ресей мен Қазақстан арасындағы шекара делимитацияланғанын және жеткілікті деңгейде демаркацияланғанын мәлімдеді. Сондай-ақ мұны екі елдің Парламенті де растап, ратификациялаған.
"Сондықтан бізде Ресей тарапынан біздің аумақтық тұтастығымызға қауіп төндіреді деп алаңдауға негіз жоқ. Біз екіжақты негізде, сондай-ақ тиісті интеграциялық бірлестіктер шеңберінде тұрақты достық байланыстарды қолдаймыз", - деді Президент.