Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытқан

170

Түркістан облысында зәйтүн өсіру қолға алынуы мүмкін.

Ресей Қазақстанның банан өсіру тәжірибесіне қызығушылық танытқан Фото: Pixabay.com

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистер "Еліміздің оңтүстігінде жылыжайлар бар екені белгілі. Қазақстан бұл бағытта өзінің қандай тәжірибесімен бөлісе алады?" деп сұрады. 

Вице-министрдің сөзінше, Түркістан облысында отандық бананның мыңға жуық тоннасын шығаруды көздейтін инвестициялық жоба жүзеге асырылды. 

"Бұл Қазақстандағы бананның жалпы импортының шамамен бір пайызын құрайды. Бүгінгі таңда баға жағдайын, жеткізуге кететін шығындарды есепке алсақ, бұл банандардың құны ішкі нарықтағы бағамен бәсекеге қабілетті болуы мүмкін. Қазірдің өзінде ірі желілер олардан бананның үлкен көлемін сатып алуға қызығушылық білдіріп жатыр. Жалпы алғанда, әріптестеріңіз "біз қашан апельсин, банан, мандарин өндіретін боламыз" деген сұрақ қойды. Оны жүзеге асыру мүмкін емес деген мәселе жоқ. Мәселе өндірістің табыстылығына, тиімділігіне байланысты. Эквадор мен Бразилиядағы климаттық жағдайлар оларды ешқандай қосымша шығынсыз өсіруге мүмкіндік береді. Жылыжайлар дегеніміз электр энергиясы, жылу, өсімдіктерді қорғауға арналған түрлі құралдарға, тыңайтқыштарға кететін шығын", – деді Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов.

Сөзінше, Қазақстанның нарығына тән емес манго және басқа да дақылдар қарастыруды қажет етеді. 

"Ресей Федерациясы біздің климаттық жағдайларда жеке компанияның бәсекеге қабілетті өнімді, яғни бананды өсіруге мүмкіндік алғанына қызығушылық танытып жатыр. Түркістан облысында зәйтүн өсіру бойынша жоспарларымыз бар. Батыста да зәйтүн өсіретін инвестициялық жобаны жүзеге асыру да жоспарланған. Біз сынақ жүргіздік. Біздің өндірушілер дәстүрлі жеткізуішілермен баға бойынша бәсекеге түсе алатын бірегей жобалар бар", – деп түсіндірді ведомство өкілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу