Ресей Қазақстанның БРИКС-ке кіруден бас тартуынан соң отандық бидай импортына тыйым салған ба?

214

Шетелдік БАҚ-та Қазақстанның БРИКС-ке кіруден бас тартуына байланысты Ресей отандық бидай импортын шектеді деген ақпарат таралды. 

Ресей Қазақстанның БРИКС-ке кіруден бас тартуынан соң отандық бидай импортына тыйым салған ба? Фото: © RIA Novosti / Avrora

 

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бұл жалған ақпарат деп есептеймін. Бұл мәселе біздің деңгейде тіпті қарастырылып та жатқан жоқ", – деді Серік Жұманғарин тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысына еліміздің БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу